|
|
|
|
Жауынды күні …
Posted on Қазан 21st, 2011 at 9:50 am by erketai and
Көзімнен алыстаса, көңілімнен алшақтар деген ниетпени бас қалаға “бас сауғалағандай” болып барып келсем де, Сендік сезімнен еш арыла алмадым…
Бір айғы практиканың есебін тапсырып, топтастармен қимай қоштасып корпустан шықтық. Алдыда – асыға күткен жазғы демалыс… “Ауылға, үйгееееееее қайтам” деген ой қуанбасыңа қоймайды-ау, қоймайды!… Күн шайдай ашық. Көңіл көтеріңкі. Жанымда әлгі “екеуі” бар. Әрнәрсені бір айтып, әдеттегіше әзілдесіп келе жатсақ та, санамды “Мен келдім ғооой, ЕРЕГІМ… Сен қайда жүрсің?! ” деген сауалдар үнсіз мазалауда-тын… Аялдамаға тақай бере, олар банкке баратындарын айтып, “бірге жүрсеңші” деп өтініш білдірді. Асығып тұрған дәнеңем жоқ!.. Әйтсе де, аяғымның тартпай қойғаны… Шашымнан бір тартып, бетімнен және бір шымшып, тілдерін шығара сылқ-сылқ күліп кете берген екеуіне басымды шайқай аялдамада қалдым. Жасы өзіммен шамалас қолшатыр ұстаған бейтаныс бойжеткенді ”Қай жақтың жауынын көріп тұр” деп іштей сөге, аспанға көз салсам, расымен бұлт торлай бастапты… Күткен автобусым көріне қоймайды. Әуенсіз жүре алмайтын басым қалтамнан ұялымды шығарып, шимайланып қалған (менің күйімдей) наушнигіммен әлектеніп тұрғанымда “Қалың қалай?” деген қоңыр үннен селк ете түстім. СОЛ… Жазбай таныдым… Басымды көтергенімдеее… жымия қарап тұр екен. Қадалып қаттым да қалдым…Ол ұзақ аялдамады. Ернімнің ұшымен айтқан сәлемімді естіместен баяяяу басып ұзап кетті… Көзіме тығылған тамшы жас жанарыма сіңіп кетпей, не домалап түспей мөлдіреп тұрып алды… Бүкіл әлем мөлдіреп тұрды-ау, сонда… Кенет, сол мөлдірлікті “шарт” еткен найзағай дауысы бөлді де, іле жауын басталып кетті. Міне, жауын… Әне, қолшатыр ұстаған бойжеткен… Өзімді қорғансыз сезіндім… Ақ жауын қала көшелерін айғыздап жатты. Ал көз жасым ақша жүзімді… Жылап жатқан аспан астында жылап жатқан жанымды жасырғым кеп аялдамадан алыстай бердім …
Өтежан Нұрғали (ақын)
Posted on Қазан 19th, 2011 at 4:43 am by erketai and
Өтекең түн ішінде үйіне қарай жаяулатып келе жатса, бес-алты бұзық балалар ұстап алып, тонауға кіріседі. “Қалтаңда не бар, шығар!”-дейді ғой баяғы. Тентек немелер, автобусқа төлейтін ақшасы жоқ жаяу ақынның жағдайын түсіне ме?! Қалтасын тінтеді. Түк таппайды. Соқыр тиыны жоқ адамды “барымташылар” не істесін, жөніне қоя береді.
Кейін Өтежан аға “Сіз сол кезде қорықтыңыз ба?”-деп сұрағандарға, “Қорыққан жоқпын, бірақ адам просто нервничать етеді екен”, – депті.
Садықбек Адамбеков (сатирик)
Posted on Қазан 5th, 2011 at 9:52 am by erketai and
Күндердің күнінде сатирик Көпен Әмір-Бек өзінің су жаңа “Нива” көлігімен келе жатса, Садықбек Адамбеков жолай ұшырасып:
-Мәшинең құтты болсын, мені үйге апарып тасташы,-дейді қолқалап. Жасы үлкеннің сөзін жерге тастамайтын Көпекең қарсылықсыз келіседі. Сәкеңнің әдеті сол, мәшине атаулының алдына отырмайды екен. “Ниваның” есігі екеу-ақ. Артына отыру үшін алдыңғы есікті ашып, орындығын ілгері құлатып, адамдар үңгірге кіргендей тоңқаңдап артына бауырлап өтеді. сәкең де сөйтеді.
Үйінің есігінің алдына әкелген соң көрімдік дәметкен Көпен:
-Аға, мәшинам қалай екен?-дейді.
Сонда Садықбек Адамбеков:
-Отлично! Мінген адамды құйрықтан теуіп мінгізіп, сақалдан сүйреп шығарады екен!- депті …
*****
Алматыда Калинин көшесінің бойынан орталық гастроном жаңа ашылған кез. Үстіне ағылшын қойының терісінен тіккен тонын кие сап Садықбек Адамбеков гастрономға келеді. Әйнектегі витринаға келіп, ішінде жатқан шұжықтарға көз сала бергенінде, тонының шалғайын біреу сүйкене өтіп ашып кетеді. Етегін жинамаққа ыңғайлана бергенінде өзіне қарап тұрған бір келіншекті аңғарады. Сәкең әйелге мойнын бұра мысық көкшіл көздерін қысып-қысып қалады. Сол кезде әйел:
-Вася, мына кісі маған көзін қысады,-деп дауыстайды. Әйелдің жанына еңгезердей дәу қара жетіп келіп:
-Не болды?-дейді.
-Мына кісі көзін қысады,-деп қайталайды. Жігіт Сәкеңе қараса, ойлап тапқыш дарын иесі оған да көзін қысады. Сол кезде жігіт келіншекті жетелей бере:
-Дура, ол адам маған да көзін қысты. Шамасы, ауру болар,-деп есікті аша бергенде, әйел тағы бір мәрте Садықбек Адамбековке қарайды. Сонда Сәкең әйелге көзін және бір қысып, сұқ саусағымен шекесін шұқып қала берген екен . (Тар жердегі тапқырлық осы болса керек)…
Шәмші Қалдаяқов (ақын, композитор)
Posted on Қазан 5th, 2011 at 9:15 am by erketai and
Шәмшіге ел-жұрты ерекше құрмет көрсетіп, су жаңа кәстөм-шалбар кигізеді. Алматыға келгесін сол жаңа киіммен достарына соғады да, түнделетіп үйіне қайтып келе жатса көшенің бұзықтары ұстап алып:
- Шешін!-дейді.
- Әй, жігіттер, мен Қалдаяқовпын ғой.
- Бізге Қалдаяқов емес, қара кәстөм керек! – дейді әлгі әпербақандар. Сонда жарықтық Шәкең:
- Айналайын, халқымнан, өзі киіндіреді, өзі шешіндіреді. Жұртым аман болсын!-деп шешіне бастаса керек …

*****
Бір заманда өтірік “Шәмшілер” көбейіп, атын пайдаланғандар аз болмаған. Сыраханада Әбілахат Еспаев екеуі тұрса, бір бейтаныс жігіт келіп:
- Мен Шәмші Қалдаяқовпын!-деп өзін таныстырады. Екі дос не дерін білмей, бір-біріне қарайды. Әбекең:
-Мен Әбілахат Еспаевпын!-дейді. Ал, Шәмші өзін:
-Академик Ахмет Жұбановпын!-деп таныстырады. Әлгі жігіт кеткесін Әбекең:
-Өлген кісінің атын айтып, өтірік танысқаның ұят емес пе?-дейді. Снда шәмші:
-Ұялса, анау жігіт ұялсын,-дейді. ол жігіт тіріні өлтірді, ал мен өліні тірілттім,-деген екен саспастан.
*****
Туған жері Отырарға барғанда Шәмші аяқ астынан ауырып, ауылындағы ауруханаға түседі. Халін сұраған жерлестері:
-Жүрегіңіз ауырады екен-ау?!-дейді. Шәкең оған мойысын?
-Жүрек ауруымен жүрегі барлар ғана ауырады!-деген екен…
*****
Ғалымдардың болжамы бойынша, бүкіл жан-жануардың ішінде итте ғана инфаркт болмайды екен.
-Егер менің көрген күнімді берсе, ит те инфаркт болады,-дейді екен Шәкең…
*****
Қазақта “Аурудың жақсысы жоқ” деген сөз бар.
-Аурудың да жақсысы бар,-дейді екен Шәмші аға. Ең жақсы ауру – қышыма. Қасыған сайын жаның кіреді,-деген екен…
kerekinfo.kz
Не ғооой…
Posted on Қазан 5th, 2011 at 8:36 am by erketai and
Не шеее… Не, анаау… Не деппін ғо, ештеңе… ))) Жалпы былай ғооой … Блогымдағы жазбаларды оқып , “Мұңнан көз ашпайтын не қылған жан”?! деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Шексіз қиял мен тәтті мұңға жиі ерік беретіндіктен әлгіндей дүниелерді “түртіп” отыратыным - оқушы кезден қалыптасқан дағдым. Бұған қарап мені көз алдыңызға қақ-соқпен ісі жоқ, үнемі томсырайып жүретін қыз кейіпінде елестетсеңіз, қателесесіз. Жазбаларымда мұңдылау көрінгеніммен, шынайы өмірде нағыз қылжақпастың өзімін!.. Әдемі әзілді, орынды қалжыңды ұнатамын! Жаныма жақын, “өзім” деп қабылдайтын жанның бәрін үлкен-кіші, бойлы-бойшаң, ақ-сары, жасыл-көк, сақалды-сақалсыз, “қатайған-қатаймаған” деп бөлмей әзілдесемін. Қаталдау (маған емес) әкеммен де, аңқаулау анаммен де (мамамен әзілдескен өз алдына қызық), тұйықтау үлкен апайыммен де (кейде приколдарым “өтпей” қиналып қалам), өзіме тартқан ағаммен де (қалжыңды меееенше сүйеді), кіші әпкеммен де!.. Ортам “Тука қыз”, “Бөжааай”, “Тентек неме” атап кеткен. Хм… Айтпағымды ұғынған боларсыз… Бойы менен бір қарыс төмен, ал ойы бір қарыс жоғары Тыри есімді… ой!.. Айсұлу есімді құрбым бар. Ол екеуіміз бірге жүргенде жолыға көрмеңіііз…)))))))). Аумаған өзім, обшым… Не ғой … Жас келе бастағаныма қалай, бірді айтып, бірге кететін болыппын… Негізгі айтпағым – менің “көңілсіз жазбаларымды” оқудан жалықсаңыз, осы айдардан бір серпіліп қалуыңызға болады. Мұнда мен оқыған-тоқыған, естіген, көрген-білген, жылы жымиыс тудыратын дүниелерді “қосып” отырамын… Ааал, кеттік… Жоо-жооқ, мен кеттім. Сіз отырып оқи беріңіз…)))))))
Ертегі әлемім …
Posted on Қыркүйек 30th, 2011 at 8:02 am by erketai and
Мен екі нәрседен қа-а-а-атты қорқамын! Алдымен – Жаратушы Алладан, сосын – жалғыздықтан. Дей тұра, кейде жалғыз қалуды өте-мөте қалаймын. Жайраңдай күліп жүрер жүзім ашаң тартып әп-сәтте кісікиікке айналып шыға келуім ғажап емес. Ондай сәтте оңаша қалғанды қалаймын…
*****
Мен Өмірді асқан құштарлықпен сүйем! Жан-тәніммен ғашықпын! Бірақ, кейде қаншалықты сүйсем, соншалықты жерініп кетем. Менің түсінігімде өмір тек бояуы ашық түстерден тұруы керек сияқты. Жолымда кездескен “қара жолақтардан” өлердей қорқам!.. Иә, иә-ә, білем, бұл менің әлсіздігім…
*****
Мен әдемілікке әуеспін! Дүкеннен әдемі нәрсе көрсем, мейлі ол майда-шүйде болсын, қалтамдағы соңғы тиынымды қағып сатушының алақанына салсам да қалағанымды алып тынам. Сұлулықты сүйем! Ал менің ақын досым: “Жалаң сұлулықты жек көрем!”,-дейді…
*****
Көзімді бояймын… Ондағы мұңды жат жанардан жасыру үшін…
*****
Жалғыздық жаныма мұң сыйлап, отырмын тағы да жабыға…
*****
Медицина саласының маманы болсам, “Антижалғыздық” дәрісін ойлап табушы ем…))))
*****
Меңіреу тыныштықтан мезі болдым. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатқандай…
*****
Жанымның емі – ӘУЕН ғана. Сиқырлы әуен… Жабырқап, жүдеп жүрген шағымда жұбатушым да осы-тын. Уанарым, қуанарым …
*****
Па-па-а-а, шені шағындым!.. Ауылға, үйге баЛғым келеді! Кен қаланы төртінші жыл мекен етіп жатсам да, жерсіне алар емеспін! Жатырқай беЛем, папа! Па-а-а-ап?! Мында күн суытты. Таңертеңгісін сабаққа келер жолда қатты тоңып қалдым! Тоңдым… Қалалықтардың да көңілі жауратты! Ауылға-а-а-а, үйге-е-е баЛғым келедііііі….
Көңілсіз кеште…
Posted on Қыркүйек 30th, 2011 at 7:12 am by erketai and
Жүріп келем… Арқаның аязсыз ақ бораны қойны-қонышыма ақ ұлпаны аямай-ақ толтырғанын да елер емеспін. Қызық… Боранның мұншалықты жылы, осыншалықты жанға жайлы болатынын бұрын-соңды қалай сезінбегем?! Менің ішкі әлемімде де дәл осындай буырқаныс, нақ осындай арпалыс…
Таң алдындағы ұйқымды шайдай ашқан жайсыз түстің әсері ме екен, бүгінгі күнім тым көңілсіз өтті. Түсімде, “ТЕРЕҢІМді” көрдім. Өңімде қиғаш қарап жүргені аздай-ақ, түсіме де қату қабақпен енетін болыпты. Бүгін де жаныма жоламай жолдың а-а-а-арғы бетінен жатырқай қарап тұр екен… Жол демекші, өткенде бір баспасөзден атыраулық ақын Бақытгүл Бабаштың сыр-сұхбатын оқыдым. Тілші ақын апамыздан өрімі бөлек өлеңдеріне арқау болған жұмбақ жан жайлы сұрағанында: “Ол кісінің өз өмірі, менің өз өмірім бар. Жалпы, жыр кейіпкерімен жолдар тоғыспауы керек. Өлең болып қалу үшін…” – деп қысқа қайырыпты. Сол сәтте “Жолдар тоғыспауы керек пе-е-е?” – деген сауал санамды қарып өткен-ді… Біздің мамандық таңдаудағы жолымыз бір болғанымен, махаббаттағы жолымыз тоғыспауы керек пе, сонда?! Сезем, ол мені жақсы көруден де артық жақсы көреді. Еркелігім ернеуінен асып, қисынсыз бір қылығыма қатты күйінгенінде: “Ерке, мен саған ештеңе айтпаймын. Тек, мынаны біл. Сен менің – поэзиямсың! Сен менің – жыр қанатымсың! Осыны ұмытпа!” – деп қадап айтқан. Мен сонда… сонда мен бір сәтке барлық (!) адамзат атаулының төбесінен қарап тұрғанмын. Лепірген көңілім аспанда еді-ау, аспанда! Оның осы бір ғана ауыз сөзі бақыт бесігіне бөлеген… Оның өлеңдерінен өзімді со-о-онау биіктен көрем. Асқақпын!.. Және… және сол асқақтығым өзіме кереме-е-ет ұнайды. “Сезіміме сезіммен жауап қатпадың”, – деп өкпелейтін ол мұны қайдан білсін?! Күндердің күнінде “мен сендікпін” деген уәдемді берер болсам, онда мен өзі көтерген биіктен құлайтындай, құлдырайтындай, құлдилайтындай сезімде болатынымнан хабарсыз, әрине… Бұл сезімнің маған үрей сыйлайтынын білмейді ғо-о-ой… (Жалпы, ол өзі не біледі?!) Мен қорқам!!! Менің “жерге” түскім келмейді! Ондағы өмір тым қызықсыз һәм былғаныш! Мен тек оның жырларында өмір сүргім келеді!…
Жүріп келем… Боран үдей түскен… Үрей де…
РS: Бұл жазбаны жазғаныма да екі маусым өтіпті-ау…
Сазсырнай
Posted on Қыркүйек 14th, 2011 at 7:55 am by erketai and
Наурыз айының алғашқы күндері. Алматыда өтетін “Ең дарынды болашақ журналист” атты олимпиадаға біздің топтан төрт бала іріктелді. Төртеудің бірі – “Қыр баласы “… Көктемнің шуақты күндері сезімтал жанын сәруар сезімге бөлеп, жас ақынның шабытқа бөгіп жүрген шағы. “Не десем екен?!”, “Қып-қызыл пальто” (“Көрімдік”), “Ерке-көктем” өлеңдерінің сиясы кеуіп үлгермеген уақыт…
Дарындылар додасына үкілеп қосып отырған үміттілерімізді топтың балаларымен топырлай жүріп теміржол вокзалына шығарып салуға келдік. Құдды бір шетелге аттанып бара жатқандай-ақ, қайта-қайта құшақтасып суретке де түсіп үлгердік. Пойыздың жүруіне әлі бірер минуттар бар…
Темекісін будақтата тартып, әрлі-берлі сапырылысқан жүргіншілерге назар салмастан өз ойымен өзі болып оқшау тұрған “Қыр баласына” таяп келдім де:
- Ал, жолың болсын, жолаушы! Арман қаладан құр алақан келмессің! Маған не әкеп бересің? – дедім наздана.
Ол ойлы көздерін бір нүктеден айырмастан жылы жымиып:
- Не әкеп берейін? – деп сұрағыма сұрақпен жауап қатты.
Айтарымды айтып алсам да, не қаларымды алдын ала ойластырмаған едім. Ойланып қалдым… Кенет, сыйлықтың ең үлкені ойыма сақ ете түскеніне шаттана, алақанымды шапаттап жібердім.
- Жеңіс!!! Осы жарыстан жеңіп қайтсаңдар, базарлығың сол болсын! – дедім даусымды қаттырақ шығарып.
Ол сабырлы қалпын бұзбастан бір мырс етті де:
- Мақұл, әкеп берейін, – деді.
Темір жолдың тұлпары “тізгінді” қағып қап, тарта жөнелді. Терезеден қимастық сезімі көзіне ұялай, қинала қарап қалған “Қыр баласын” көрдім. Жүрегім шым етті … қозғалған пойызбен қатарласа жүріп “Мен… сені… жақсы көрем…”, – деп күбірледім. Әрине, ол естіген жоқ. Естіртпеді… Есесіне, өзім… Өзім анық естідім!.. Кен қалада жүргенінде аңғарыла қоймаушы еді, алмалы өлкеге аттанған соң аңсата бастағандай… Қоңырау соғуым да жиілеп кетті. Арман қалаға бірге барып, Көктөбеге бірге көтерілеміз деген уәдені бұзғанына кейіген кейіп танытып;
- Иә, Алматы қалай екен? – деймін.
- Алматы ма? Еркем, Алматы керемет екен! Өте әсем, көркем қала! Мұнда бәрі бар! Тек… сен жетіспейсің!… Естимісің?! – дейді ар жақтан.
Үнінен ерекше тебіреніс, толқыныс анық аңғарылады. Барғаны қандай жақсы болды, шабытына шабыт қосып бір түлеп қайтатын болды ғой деп қуанып қалдым…
Ол сөзінде тұрды. Екі күнге созылған жас журналистер сайысында біздің университеттен барғандар топ жарып, бірінші орын алып қайтты. Мерейіміздің өскеніне мәзбіз… Келесі күні “базарлығына” алғысымды алдынан шығып айтайын деп аудитория алдында жүргем. Кенет, ол қоңырау соғып, корпустың алдына бірер минутқа шығып кетуімді өтінді. Шықтым. Келе жатыр. Жол соқты болып, ұйқысы қанбағаны көрініп-ақ тұр. Жылы сәлемдестік. Қолын алып құттықтағанымда аңғардым, әдемі кішірек пакетке салынған “әлденені” саусағына іліп алыпты. Сосын ол бүгін сабаққа қатыспайтынын, мұнда менің “шаруаммен” келгенін айтып, қолындағысын ұсына бергенде ұялы телефонының асфальтқа құлап, “ішек-қарынының” ақтарылып түспесі бар ма?! Өзі соған аңтарыла қарап қалған. Күлкіге қарық болғаным-ай!.. Шашылып қалған ұялысын асығыс жинап қоштаспастан ұзай берді. Бір күлсем, тоқтауым қиын мен аузымды қол орамалыммен көлегейлей аудиторияға кірдім. Сөйттім де, “Аңғалағым сол! Сыйлығыңа көп рахмет! Тек, ұялы телефоныңды құлатып алғаның күлкілі болды. Әлі күліп отырмын”, – деп СМС жазып жібердім. Сәлден соң одан:
Күлкілі ме едім?!
Шарқ ұрып жаным, жүректі сол қыз сілкіді керім,
Сезбеген, сірә, күйімді қайтейін менің
Аңғалақ етке көңілдің ынтығы дедім, – деген жауап келді.
Сыйлығы – шебердің қолынан шыққан сазсырнай болатын. Сезімімді сол сырнайдың үніне қосып жүрмін …
Жазбадағы сурет www.google.kz сайтынан алынды
Сыйлық
Posted on Қыркүйек 14th, 2011 at 6:47 am by erketai and

Туған күнім болатын. Түнгі сағат 12-ден ауғаннан кейін құттықтауға толы СМС-тер, қоңыраулар ағылды-ай дейсің! Сыныптастар, группаластар, туған-туыс, ағайын-жегжат, құда бала, құдаша, ескі, жаңа достардан келіп жатқан жылы лебіздер легі толастар емес. Кеудемді қуаныш кернесе де, көңілім әлденеге алаңдаулы. ОЛ-үнсіз… Ауылына кетіп қалған шығар деп жасырын нөмірмен қоңырау шалып көрдім. Жо-о-оқ, телефоны қосулы. Үнсіздігі ызамды келтірді! Сосын, Мұқағали ақынның өлеңіне аздап өзгеру енгізіп былай деп жазып жібердім:
Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай,
Мына Жәкем неге жатыр тойламай?!
Қолымда ұялы телефоным. Шыдамсыздана жауап күтіп отырмын. Араға 5 минуттай уақыт салып мынадай хат келді:
Бүгін сенің туған күнің, қылықтым,
(Қылықтымды келеді әлі ұмытқым)
Бақыт құсы ұя салып басыңа
Асқарынан көріне бер, биіктің!
Кешеден бері күткенім осы жолдар еді. Әп-сәтте жадырап сала бердім…
Жазбадағы сурет www.google.kz сайтынан алынды
|
|
|